Серік Жаманқұлов. Жаңатастан шыққан жарық күн

Серік Жаманқұлов. Жаңатастан шыққан жарық күн

16 April 2021, 11:07
Айып алаңының патшасы атанған қазақ футзалының аңызы Серік Жаманқұлов спорттық карьерасындағы соңғы ойынына қатысты.

Серік Жаманқұлов спорттық ғұмырындағы соңғы ойынын 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Израиль құрамасына қарсы өткізді. Елордада өткен кездесуде біздің команда қарсыластың қақпасына жауапсыз төрт гол соғып жеңіске жетті. Осы ойындағы соңғы гол Серік Жаманқұловтың тамаша пасынан кейін соғылды. 

Қоштасу ойынында аты аңызға айналған ойыншыға сый-сияпат көрсетіліп, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің атынан алғыс хат тапсырылды. Иығына шапан жабылып, естелік жейде сыйға тартылды. Ойынның аяқталуына екі минуттай уақыт қалғанда төреші ойынды тоқтатып, Серік Жаманқұловтың ресми түрде карьерасын аяқтауға мүмкіндік жасады. Жаңатастан шыққан жарық күн командаластарының қошеметімен алаңнан кете берді...
 
Серік Жаманқұлов алматылық «Қайраттың» қатарында еліміздің он дүркін чемпионы атанып, екі мәрте УЕФА Кубогын иеленді.
 
Қазақстан құрамасының сапында 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Турнирде өткен бес ойында қарсыластарының қақпасына (Ресей, Хорватия 2 гол, Италия, Испания және Сербия) алты гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендерінің бірі атанды.
 
Ойыншы ұлттық құраманың жейдесімен 59 рет алаңға шығып, 22 гол соққан.

Share
Up