Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!

Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!

29 July 2021, 22:14
Бүгін қарағандылық «Шахтер» қазақ жанкүйерлерін бір қуантып тастады.

Екі ойыннан тұратын тартыста Румынияның «Стяуасын» жеңіп, УЕФА Конференция лигасының үшінші айналымына шықты.

Қарағандылық футболшылар кездескен қиындықтарға қарамастан Ереванда өткен тартысты ойында намысты қолдан бермеді.

Қақпашы Игорь Щацкийдің пасынан кейін Айдос Тәттібаев ойынды овертаймға ұластырды. Пенальти сериясында Щацкий шешуі соққыны қайтарса, Тәттібаев жеңіс голын соқты!

«Шахтер» футболшыларын жеңіспен құттықтай отыра, Украинаның «Колос» командасымен кездесуде сәттілік тілейміз!

Share
Up