Біржан Оразов - Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені

Біржан Оразов - Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені

07 February 2022, 00:56
Қазақ футзалының тарихында теңдессіз жетістік тіркелді.

Нидерланд елінде аяқталған футзалдан Еуропа чемпионатының ең үздік сұрмергені атағын қазақ баласы Біржан Оразов иеленді. Біржан кәрі құрлық додасының небәрі төрт ойынына қатысып, жеті гол соғып үздік шабуылшылардың көшін бастаған. Қазақстан құрамасы жарысты ширек финалда тоқтатқанына қарамастан Біржанның жетістігін қайталайтын ешбір ойыншы болмады. 

Қазаққа қасиетті жеті санын еңсерген Біржан өзгелерден оқ бойы озық шығып, Еуропа чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. 

Share
Up