Қаратауда балалар турнирі өтті

Қаратауда балалар турнирі өтті

13 тамыз 2018, 09:29
7-12 тамыз күндері Қаратау қаласында Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері Сейілда Байшақовтың жүлдесіне арналған балалар турнирі аяқталды.

Турнирге 2005-2006 жылғы жасөспірімдер 8 команда қатысты. Олар - ОСДЮСШОР № 6 (Қызылорда), «Фосфорит» (Қаратау), ДЮФШ (Кентау), «Энергетик» (Тараз), «Темир» (Ақтөбе), ДЮСШ (Қаратау), ОСДЮСШОР (Шымкент), «Жас – Стар» (Жаңатас). Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды - «Темір» (Ақтөбе), екінші орынды - ДЮФШ (Кентау) иеленді. Үшінші орынды «Фосфорит» (Қаратау) пен «Жас-Стар» (Жаңатас) командалары бөлісті. 

2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында 5 команда сынға түсті: «Арман» (Тараз), ОСДЮСШОР № 5 (Тараз), «Темір» (Ақтөбе),  ДЮСШ 2007 (Қаратау), ДЮСШ 2008 (Қаратау). Жарыс қорытындысы бойынша «Арман» (Тараз) топ жарып, ОСДЮСШОР № 5 (Тараз) мен «Темір» (Ақтөбе) командалары жүлделі орыннан көрінді. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары