Қазақстан футболшылары Қырғызстан құрамасынан басым түсті

Қазақстан футболшылары Қырғызстан құрамасынан басым түсті

24 тамыз 2018, 20:47
ҚР Президенті Кубогында 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Қырғызстан құрамасымен U-17 өткізді.

Есепті қонақтар ашты. Гол соққан - Мирлан Худайбердыев. Бірінші таймның соңында біздің команданың шабуылшысы Әділхан Добай таразы басын теңестірді.

Екінші таймда пенальтиден көзге түскен Әділхан Добай дубль авторы атанды. Жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек кездесуге нүкте қойды. Қорытынды есеп - 3:1. 

Қазақстан U-17 – Қырғызстан U-17 - 3:1 (1:1)

Голдар: Әділхан Добай 40+1, 70 пенальти, Ғалымжан Кенжебек 71 - Мирлан Худайбердыев 37

Қазақстан U-17: Константин Пузанов (Никита Пивкин 79), Жасұлан Ержігіт, Дамир Қасаболат (к), Юрий Аханов, Лев Кургин (Роман Балута 77), Айбар Құсайынов (Максим Самородов 69), Омар-Василь Нұртаев (Александр Бовкун 57), Ален Айманов (Ринат Серікқұл 73), Әділхан Добай (Владислав Бутырин 78), Ғани Сулеймен (Ғалымжан Кенжебек 41), Кахрамон Хасанов.

Қырғызстан U-17: Шумкарбек Топчубаев, Егор Лесков (Сергей Шиповский 26), Рустам Сатылганов, Илья Русаков (Ырыскелді Сагынкулов 65) Бекзат Кенжебеков (Бекзат Насиров 56), Баястан Талантбеков, Мирлан Худайбердыев, Бекхан Рысбеков (Эрмек Кенжебаев 67), Эрбол Култаев (Кубатбек Еркинбек уулу 74), Ажибек Руслан уулу (Акан Абдирбеков 78), Адилет Нурлан уулу.

Төрешілер: Саят Қарабаев, Тимур Тұрсымбаев, Рүстем Матякубов, Александр Затула, Никита Утробин, Азамат Ахметов (барлығы - Қазақстан)

24.08.2018. Алматы, «Талғар» СЖБ.

Бөлісу
Жоғары