Қазақстан U-19 құрамасы Гранаткин мемориалына жол тартты

Қазақстан U-19 құрамасы Гранаткин мемориалына жол тартты

29 тамыз 2018, 19:14
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Санкт-Петербург қаласына жол тартты. Ол жақта біздің футболшылар ФИФА-ның бірінші вице-президенті В.А. Гранаткинді еске алуға арналған футболдан XXX халықаралық жасөспірімдер турниріне қатысады.

Турнирге 8 команда қатысады. Біздің құрама «А» тобында Қырғызстан, Түркия және Санкт-Петербург қаласының командасымен ойнайды. «В» тобында Литва, Армения, Ресей және Молдова құрамалары кездеседі. Ереже бойынша әр топтан екі команда жартылай финалға шығады. 

Қазақстан U-19 құрамасының тізіміне 20 футболшы енді:

Қақпашылар: Владислав Саенко («Астана») , Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Совет Сағи, Жантөре Жұмаділов (екеуі де - «Астана»), Санжар Әйтім («Ертіс»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Бексұлтан Шәмші («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Арман Кеңесов, Денис Красноперов (екеуі де - «Ертіс»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Александр Усачев («Ақтөбе»), Лев Скворцов («Астана»), Жасұлан Қайыркенов, Мәди Жақыпбаев, Сұлтан Сағынаев (барлығы - «Астана»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»);

Шабуылшылар: Максим Ваганов («Ордабасы»), Савелий Глазунов («Қайрат»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Жаттықтырушылар штабы: Александр Кузнецов - аға жаттықтырушы, Игорь Маштаков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Тілеуқұлов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ғалилбай Ахметов - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Владимир Горячий - администратор, Динмухамед Оралов - менеджер.  

 

Қазақстан U-19 құрамасының ойын кестесі:

30 тамыз (бейсенбі)

Қырғызстан U-19 - Қазақстан U-19 

1 қыркүйек (сенбі)

Түркия U-19 - Қазақстан U-19

4 қыркүйек (сейсенбі)

Қазақстан U-19 - Санкт-Петербург.

Бөлісу
Жоғары