Алматыда «Спорт менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлау бағдарламасы ашылды
Бағдарламаның тыңдаушылары - Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев және Премьер-лига мен Бірінші лига футбол клубының өкілдері қатысты. Олардың арасында «Тобылдың» директоры Николай Панин, «Жетісудің» спорт директоры Руслан Балтиев, «Ақтөбенің» бас директоры Самат Смақов, «Шахтер» футбол клубының спорт директоры Мұрат Тілешев және басқалары болды.
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ұйымдастырған «Спорт менеджменті» бағдарламасы үш бөлімнен тұрады.
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин алғысөзінде ел футболын дамытуда жаңа білімнің маңызы зор екенін атап өтті.
Алғашқы бөлімнің оқытушылары - «Синергия» университетінің (Ресей) спорт менеджменті орталығының директоры Валерий Гореликов, «Локомотив» (мәскеу, Ресей) ФК Атқарушы директоры Алексей Киричек және Жағажай футбол лигасының ұймдастыру комитетінің бас директоры Андрей Симонов.