Семейде УЕФА-ның бұқаралық футбол аптасы өтті

Семейде УЕФА-ның бұқаралық футбол аптасы өтті

26 қыркүйек 2018, 10:52
Семей қаласындағы «Спартак» орталық стадионында УЕФА бұқаралық футбол аптасы ашылды.

Аудан спорт мектептерінің жас түлектері бір апта ішінде футболдан бірнеше жарысқа қатысады. Акция аясында «Алтын күз» кубогының ойындары, қалалық ұлттық футбол лигасының турының матчтары және «Былғары доп» қалалық жарысының финалы жоспарланған. Спорттық шараларға мектеп оқушыларына және әуесқой ойыншылардан тұратын 25-тен астам балалар командалары құрылған.

 «Әдеттегідей Семейде өтетін футбол шараларына қатысатын балалар мен жастар саны көп. Семей жастары футболды жақсы көреді және өткізілетін барлық шараларға қуана қатысады. Бізде жастардың футболмен айналысуы үшін жақсы жағдайлар қарастырылған», - деді «Былғары доп» турнирінің бас төрешісі Станислав Лесив.

Жарыс қатысушысы Роман Богданов: «Бізде футболмен айналысуға және осындай тамаша жарыстарға қатысуға барлық мүмкіндіктер жасалғанына қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға алғыс айтып, осындай турнирлерді жиі өткізуге тілекшіміз».

УЕФА-ның бұқаралық футбол аптасы Семейде 30 қыркүйекке дейін жалғасын табады.

Бөлісу
Жоғары