Ысқақов пен Омаров жылдың соңына дейін ҚР Чемпионаты мен біріншіліктерінде төрелік етуден шеттетілді
03 қазан 2018, 13:58
Жиында төреші Марат Ысқақовтың деңгейі Премьер-лига талабына сай келмейтіні жөнінде мәселе қаралды. Төрешілер комитетінің шешімімен Марат Ысқақов жыл соңына дейін арнайы шешім шыққанша Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лига клубтарының матчтарында қызмет атқарудан шеттетілді.
Сонымен қатар, төреші Рүстем Омаров та бірауыздан Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лига клубтарының матчтарында жыл соңына дейін төрелік ету құқынан айырылды. Оның қызметі моральдық-этикалық ережеге сай келмеуіне байланысты қаралды.
Төрешілер комитетінің отырысында 2019 жылғы ФИФА тізіміне ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді.
Жаңалықтар
03 қаз., 11:45
02 қаз., 12:10
02 қаз., 10:33
02 қаз., 09:25