Латвия - Қазақстан матчына Харальд Лехнер төрелік етеді

Латвия - Қазақстан матчына Харальд Лехнер төрелік етеді

11 қазан 2018, 12:39
УЕФА Ұлттар Лигасындағы Латвия мен Қазақстан ұлттық құрамаларының арасындағы ойынға австриялық төрешілер тобы тағайындалды.

Бас төреші - 36 жастағы Харальд Лехнер. Оның қос қапталдағы көмекшілері – Андреас Хайндрайх пен Максимилиан Кольбич.

Қақпа артындағы төрешілер - Александр Харкам және Маркус Хаметер.

Қосалқы төреші - Андреас Штаудингер.

Латвия мен Қазақстан ойыны 13 қазан күні елорда уақытымен 22:00-де басталады. «Qazsport» телеарнасы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары