Астанада 19 жасқа дейінгі қыздар арасында футзалдан Қазақстан Чемпионаты өтті

Астанада 19 жасқа дейінгі қыздар арасында футзалдан Қазақстан Чемпионаты өтті

30 қазан 2018, 16:34
19-29 қазан аралығында елордада 9 жасқа дейінгі қыздар арасында футзалдан Қазақстан Чемпионаты өтті.

Жарысқа 14 команда қатысты. Бірінші орынды ақтөбелік ОСДЮСШ №2 командасы жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды шымкенттік ДЮСШ №7 және астаналық Қ.Мұңайтпасов атындағы РСШИКОР мектебінің командасы бөлісті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет атташесінің орынбасары Ланс Эриксон қатысты. 

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар:

Үздік қақпашы - Аружан Оразбекова (РСШИКОР №2 - Астана)

Үздік қорғаушы- Карина Әділханова (Алтай - ШҚО)

Үздік сұрмерген - Лейла Садықова (ОСДЮСШ №2 - Ақтөбе)

Үздік ойыншы - Әсел Көбесова (ОСДЮСШ №2 - Ақтөбе)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары