ФИФА Президенті «Астана» жеңісімен Қазақстан футбол федерациясын құттықтады

ФИФА Президенті «Астана» жеңісімен Қазақстан футбол федерациясын құттықтады

07 қараша 2018, 17:12
ФИФА Президенті Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековті «Астананың» кезекті чемпиондығымен құттықтады.

- «Астана» футбол клубы – 2018 жылғы Қазақстан чемпионы. «Астана» бес жыл қатарынан ел чемпионы атанды. Барлық футбол қауымдастығының атынан «Астана» футбол клубын жеңісімен және футболды дамытуда жолында Қазақстан футбол федерациясын құттықтағым келеді. Ең ыстық сөздерімді сіздерге арнаймын», - деді Инфантино құттықтау хатында.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы 2018 жылғы Премьер-лиганың соңғы екі турына дейін Қазақстан чемпионы атанған еді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары