Георгий Жуков: «Бельгиямен ойын өте қиын, алайда қызықты болмақ»

Георгий Жуков: «Бельгиямен ойын өте қиын, алайда қызықты болмақ»

02 желтоқсан 2018, 22:50
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне тартылған жеребені қорытындылады:

- Жеребенің қорытындысы бойынша не ойласыз?

- Жеребе жолдас болды. Әрине, Бельгия құрамасымен ойын өте қиын, алайда қызықты болмақ. Қалған командалардың барлығынан ұпай алуға болады. Іріктеу турнирінің ойындарына дайынбыз. 

- Бельгия және Ресей құрамаларымен ойнаймыз. Қандай әсердесіз?

- Бельгияда 20 жылдай тұрамын. Сол себепті бұл елдің құрамасына қарсы тұру мен үшін қуанышты сәт. Мені ол жақта жақсы таниды. Достарым да көп. Өз мансабымның Қазақстанда жақсы жалғасын тапқанын дәлелдеуге тырысамын. Менің әкем - Ресей азаматы. Алайда, алдағы ойындарда ол Қазақстан құрамасына жанкүйер болады.

- Қазақстан құрамасының топтағы мүмкіндігі қандай?

- Әр құраманың әрқашан мүмкіндігі бар. Солардың бірі - Қазақстан!

Бөлісу
Жоғары