Қазақстан - Хорватия матчына билеттер сатыла бастады
Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы - 18:00.
Билеттерді www.ticketon.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан онлайн сатып алуға болады. Билетттің құны 500-1500 теңге аралығында.
Билеттерді келесі мекенжайлар бойынша да сатып алуға болады:
«Тикетон» (Алматы):
1. «Globus» сауда ойын-сауық орталығы, Абай даңғылы, 109 В, 2 қабат, «Тикетон» кассасы;
«Меломан» (Алматы):
1. «Grand», Гоголь көшесі, 58 (Панфилов көшесімен қиылыс);
2. «MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығы, Розыбақиев көшесі 247;
3. «Esentai Mall» сауда ойын-сауық орталығы, әл-Фараби даңғылы, 77/8, 3 қабат;
4. «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығы, Самал-2, 111, (Достық даңғылы, Жолдасбеков көшесінің қиылысы), 3 қабат.
Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын 2 ақпан күні 17:00-де өтеді. «Бағанашыл» спорт кешеніндегі «Зенит» залында өтетін ойынға кіру тегін!