Фарер аралдарының Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшыларының тізімі

Фарер аралдарының Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшыларының тізімі

27 мамыр 2019, 11:29
Фарер аралдары мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы кездесу 6 маусым күні Тофтур қаласында өтеді.

21 жасқа дейінгі Фарер аралдары құрамасының бапкері Эли Хенце 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының алғашқы іріктеу ойынына 20 футболшыны шақырды:  

Қақпашылар: Силас Эйдстейнссон («07 Вестур»), Рой Закариасен, («ЭБ/Стреймур»);

Қорғаушылар: Виктор Эмиль Хенриксен, («Видовре», Дания), Ари Ольсен («Скала»), Бьярни Петерсен («Б-36 Торсхавн»), Даниэль Йохансен («ХБ Торсхавн») Потти Хенце («НСИ Рунавик»);

Жартылай қорғаушылар: Хугин Самуэльсен («Б-36 Торсхавн»), Олавур Никласен («КИ Клаксвик»), Янус-Свабо Самуэльсен («Скала»), Якуп-Бископсте Андреасен («КИ Клаксвик»), Лукас Гренаа Гиссинг («Мидтъюлланн», Дания), Петур Кнудсен («НСИ Рунавик»), Магнус Хольм Якобсен («Б-36 Торсхавн»), Стефан Радосавлевич («ТБ Твёройри»); 

Шабуылшылар: Питер Петерсен («ХБ Торсхавн»), Мадс Боэ Миккельсен («Vendsyssel», Дания), Эйдриан Юстинуссен («ХБ Торсхавн»), Гилли Самуэльсен («Б-36 Торсхавн»), Стеффан Абрахамссон Локин («ЭБ/Стреймур»).

Бөлісу
Жоғары