«БИІК-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасында екінші рет жеңіске жетті

«БИІК-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасында екінші рет жеңіске жетті

11 тамыз 2019, 12:25
Шымкенттік  «БИІК-Қазығұрт» футболшылары әйелдер арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің екінші ойынында таллиндік «Флора» командасынан басым түсті.

Кездесуде қазақстандық команда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды да жартылай қорғаушы Алина Литвиненко соқты.

«БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - «Флора» (Эстония) – 2:0 (2:0)

Голдар: Алина Литвиненко 13, 16.

 

Қазақстандық клуб келесі ойынын 13 тамыз күні өткізеді. Қарсыласы финляндиялық «ПК-35» командасы болмақ.

Бөлісу
Жоғары