Армения құрамасы ойынның соңында жеңісті жұлып алды

Армения құрамасы ойынның соңында жеңісті жұлып алды

28 тамыз 2019, 13:49
Президент Кубогының 5-6 орындары үшін Армения мен Қырғыз Республикасының футболшылары таласты.

Кездесудің 58-минутында Қырғыз Республикасының жартылай қорғаушысы Ырыскелди Тыныбеков есеп ашты. Алайда, Армения футболшылары ойын соңына дейін таразы басын теңестіріп қоймай, жеңісті жұлып алды. Армения құрамасының шабуылшысы Левон Варданян дубль авторы атанды. 

Қорытынды есеп – 2:1.  Армения құрамасы турнирде бесінші орын алды. 

Матчтың үздік ойыншысы - Қырғыз Республикасы құрамасының жартылай қорғаушысы Ырыскелди Тыныбеков. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.

 

Армения - Қырғыз Республикасы - 2:1 (0:0)

Голдар: Левон Варданян 75, 90 - Ырыскелди Тыныбеков 58;

Ескерту: Юрий Колозян 73 - Бейкунт Бейшебай уулу 3, Эрзат Чынгызбек уулу 71;

Алаңнан қуылған ойыншы: Эдгар Тамазян 71, Юрий Колозян 90+4;

Армения: Рафаэл Манасян (Гор Матинян 46), Степа Мкртчян (Айк Ованнисян 46), Гор Аракелян, Эдгар Тамазян, Самвел Акопян (Айк Речелян 46), Саргис Саакян (Юрий Колозян 46), Карен Оганесян (Спартак Айрапетян 46, Микаэл Асланян 87), Артур Серобян (Тигран Саргсян 46), Левон Варданян, Самвел Самвелян, Карен Галстян;

Қырғыз Республикасы: Курманбек Нурланбеков, Ааламбек Абылкасымов, Нурсеит Азаматов, Нурбол Бактыбек уулу (Эльзар Мелисбек уулу 78), Бейкунт Бейшебай уулу, Баястан  Боконов, Эрзат Чынгызбек уулу (Захридин Абдилажонов 80), Атай Эшенкулов, Атай Ильичбек уулу, Арсен Шаршенбеков, Султан Боколеев (Ырыскелди Тыныбеков 27);  

Төрешілер: Біржан Сержанұлы, Бақытжан Жолдас, Рүстем Матякубов, Андрей Марсал (барлығы - Қазақстан)

28.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі. 250 жанкүйер.  

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары