Қазақстан қыздар құрамасының Македония және Франциямен өтетін ойынға шақырылған құрамы

Қазақстан қыздар құрамасының Македония және Франциямен өтетін ойынға шақырылған құрамы

27 қыркүйек 2019, 14:40
Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова қазан айында өтетін 2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарына шақырылған футболшылардың есімдерін атады.

Тізімге 21 футболшы енді:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Восход», Украина), Назым Исмаилова («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де - «Оқжетпес»), Екатерина Бабшук, Мария Демидова (екеуі де - «БИІК-Қазығұрт»), Тоғжан Бекпенбет (СДЮСШОР №8);

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Согдиана», Өзбекстан), Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Светлана Бортникова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Бегайым Қырғызбаева, Әселхан Тұрлыбекова (екеуі де - «Оқжетпес»), Әйгерім Әйтімова, Ксения Хайрулина (екеуі де - СДЮСШОР №8);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Анастасия Власова («Оқжетпес»), Александра Сатлер (СДЮСШОР №8);

Жаттықтырушылар штабы: Рәзия Нұркенова - бас бапкер, Айтбай Жамантаев - бас бапкердің кеңесшісі, Ержан Сунаков - қақпашылардың жаттықтырушысы, Тимур Құсайынов - сарапшы, Олег Цой - дәрігер, Әсия Житенова - массаж бойынша кеңесші, Анастасия Журавлева - менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор.

 

Қазақстан құрамасы 2 қазан күні сырт алаңда Македониямен ойнайды. Ал, 8 қазан күні Шымкент қаласының Қажымұқан стадионында Францияны қабылдайды. 

Бөлісу
Жоғары