Қазақстан - Франция матчына Лаура Рапп төрелік етеді

Қазақстан - Франция матчына Лаура Рапп төрелік етеді

07 қазан 2019, 11:09
2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан мен Франция әйелдер құрамалары арасындағы ойынға швециялық төрешілер тағайындалды.

Кездесудің бас төрешісі -  Лаура Рапп. Қапталдағы көмекшілері - Юлия Магнуссон және Йилан Тахер. Қосалқы төреші - Сара Перссон. Барлық төреші Швеция елінен.

Қазақстан - Франция ойыны 8 қазан күні Шымкент қаласының Қажымұқан атындағы стадионда өтеді. Кездесуді «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілімнің басталуы - 20:50.

Бөлісу
Жоғары