Футзалдан Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы өтті

Футзалдан Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы өтті

27 қаңтар 2020, 10:39
«Сайран Арена» спорт кешенінде футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылары жаттығу жасады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне дайындықты бастады. Нұр-Сұлтан қаласында басталған оқу-жаттығу жиыны 31 қаңтарға дейін созылады. Әрі қарай Чехияға барады. 

Кеше «Сайран Арена» спорт кешенінде өткен ашық жаттығуды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жанкүйерлер мен елордалық әуесқой командалардың ойыншылары тамашалады.

 

Бөлісу
Жоғары