Құрметті БАҚ өкілдері!

Құрметті БАҚ өкілдері!

29 қаңтар 2020, 14:20
2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңінің ойындары қарсаңында футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері және ойыншыларының қатысуымен өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз.

Сұрақтарға Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака, команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов, қақпашы Игита, сонымен қатар, Қазақстан Футбол федерациясы Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев жауап береді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 23-31 қаңтар аралығында өтіп жатыр. Жиын аяқталған соң ұлттық құрама Чехияның Брно қаласына барады. Ол жақта 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне қатысады. Біздің құрама D тобында Румыния, Словения және Чехия құрамаларымен сынға түседі.

2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңінің тобында бірінші орын алған командалар турнирдің финалдық бөлігіне жолдама алады. Топтық кезеңінде екінші орын алған командалар сәуір айында өтетін өтпелі ойындарға қатысады.

Өтетін мерзімі және уақыты: 30 қаңтар 2020 жыл, 11:00;

Өтетін орны: Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз орталығы, Бауыржан Момышұлы, 5А.

 

Анықтама телефондары: 8 (702) 446-46-89, 8 (707) 515-20-20.
 

Бөлісу
Жоғары