Көңіл айту

Көңіл айту

30 қараша 2020, 20:30
Ұзақ науқастан кейін 47 жасында танымал футболшы әрі білікті бапкер Александр Шатских өмірден озды.

Александр Шатских еліміздің «Қайнар», «Астана», «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Жеңіс», «Жетісу» және «Мегаспорт» футбол клубтарында ойнап, Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады.

Талдықорған футболының түлегі кәсіби карьерасы 1990 жылы бастады. Қазақстан Премьер-лигасында 272 матч өткізіп, 96 гол соққан. 2002 жылы «Ертіс» сапында Қазақстан чемпионы болды.

Ойын мансабын аяқтағаннан кейін Александр Анатольевич «Локомотив» (Нұр-Сұлтан), «Жетісу», «Қайрат» және «Тараз» клубтарында бапкер қызметін атқарды. 2019 жылы Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының аймақтық жаттықтырушысы болып еңбек етті.

Қазақстан футбол федерациясы Александр Шатскихдің мезгілсіз қайтыс болуына қатты қайғырып, марқұмның отбасы мен достарына шын жүректен көңіл айтады. Оның ойыны мен соққан голдары футбол жанкүйерлерінің жүрегінде мәңгі сақталаны анық.

 

Қазақстан футбол федерациясы

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары