Дидье Дешам: «Қазақстан – оңай шағылар жаңғақ емес»

Дидье Дешам: «Қазақстан – оңай шағылар жаңғақ емес»

27 наурыз 2021, 21:02
Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам баспасөз мәслихатында тілшілер сауалына жауап берді.

– Иә, ойыншыларға жеңіл болмасы анық. Бірақ біз көңілді көншітер нәтижеге қол жеткізіп, өз жұмысымызды атқаруымыз керек. Қазақстан – оңай шағылар жаңғақ емес. Біз бұл ұжымды жақсы білеміз. Кеше кеш келгенімізге байланысты мұнда көп жаттығу жасай алмадық. Бірақ біз алаңға шығып, жақсы ойын көрсетеміз. Қазақстанда алғаш рет ойнайын деп тұрмыз. Ұйқы қандыруға да уақытымыз болмады. Бізді күтіп тұрған қиындықтар жайлы алдын ала білдік. Қазақстан – жоғалтатын ештеңесі жоқ команда. Қарсыласымыздың үш бірдей орталық қорғаушымен ойнағалы жатқанын білеміз. Матчқа деген тактикамызды да осыған орай құрамыз. Сонымен қатар, қазақ халқына қонақжайлылығы үшін рахмет айтқым келеді.

Бөлісу
Жоғары