Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық матч өткізеді

20 мамыр 2021, 21:21
Екіжақты келіссөздер аяқталып, УЕФА бұл ойынның өтуіне рұқсат берді.

Ойын 4 маусымда Скопье қаласының Тоше Проески атындағы аренасында өтеді.

Айта кетуіміз керек, Солтүстік Македония мен Қазақстан ұлттық құрамалары осы кезге дейін ешқандай кездесу өткізбеген. Солтүстік Македония құрамасы Еуропаның 11 қаласында өтетін Еуро-2020 додасында өнер көрсетеді.

2015 жылдан бастап бұл елдің құрамасын жергілікті маман Игорь Ангеловски жаттықтырады.

Қазіргі құрамнан Горан Пандев, Энис Барди және Эзган Алиоски сияқты футболшыларды ерекшелеп айтуға болады.

Бөлісу
Жоғары