Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

23 маусым 2022, 14:30
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте он бір сатыға жоғарылады. Жаңа рейтинг 2022 жылдың 23 маусымында шықты.

Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 114-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыраты Қазақстан құрамасы маусым айында төрт ойын өткізді Әзербайжан (2:0), Беларусь (1:1) және екі рет Словакиямен (1:0, 2:1) ойнады.

Келесі рейтинг 25 тамыз күні шығады.

ФИФА рейтингі. 23 маусым 2022 жыл:

1. Бразилия – 1838 ұпай

2. Бельгия – 1822

3. Аргентина – 1771

4. Франция – 1765

5. Англия – 1737

6. Испания – 1717

7. Италия – 1714

8. Нидерланд – 1680

9. Португалия – 1679

10. Дания – 1665

51. Словакия – 1440

96. Беларусь – 1227

113. Сьерра-Леоне – 1168

114. Қазақстан – 1166

115. Гвинея-Бисау – 1165

128. Әзербайжан – 1127

211. Сан-Марино – 764.

Бөлісу
Жоғары