Елімізде қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалі жалғасуда

Елімізде қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалі жалғасуда

03 сәуір 2023, 11:25
Қазақстан футбол федерациясы ҚР Білім Министрлігінің дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалін өткізуде.

Аталған іс-шара осыған дейін Талдықорған, Қонаев және Алматы қалаларында өтті. Оған 300-ден астам қыз қатысты.

28 наурызда фестиваль Таразда өтіп, 100-ден астам қатысушыны қамтыды. Спорттық іс-шараға ҚФФ президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов қатысты. Атақты ардагер елімізде әйелдер футболын ілгерілету үшін осындай акцияларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Екі күннен кейін фестиваль Шымкент қаласында өтіп, 156 қатысушыны қамтыды. Асталған іс-шараның қонағы - ҚФФ әйелдер футбол комитетінің төрағасы Бегайым Қырғызбаева.

Көңілді атмосферада қыздар әртүрлі жаттығулар жасап, эстафеталар және мини-футбол ойнау арқылы футболмен жақынырақ танысты.

Келесі фестиваль 4 сәуірде Түркістан қаласында өтеді.

Қыздарға арналған «Менің ойыным» футбол фестивалінің кестесі:

4 сәуір – Түркістан

6 сәуір – Қызылорда

10 сәуір – Ақтау

13 сәуір – Атырау

17 сәуір – Орал

20 сәуір – Ақтөбе

24 cәуір – Қостанай

27 сәуір – Петропавл

3 мамыр – Көкшетау

5 мамыр – Астана

12 мамыр – Қарағанды

16 мамыр – Өскемен

18 мамыр – Семей

22 мамыр – Павлодар

26 мамыр – Жезқазған

Бөлісу
Жоғары