Алматыда «Футбол менеджменті» бағдарламасы бойынша екі күндік офлайн-интенсив өтті

Алматыда «Футбол менеджменті» бағдарламасы бойынша екі күндік офлайн-интенсив өтті

23 маусым 2023, 17:30
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) және Almaty Management University (AlmaU) арасында футбол индустриясын дамытуға бағытталған ынтымақтастық жалғасын тапты.

Серіктестік аясында «Футбол менеджменті» онлайн білім бағдарламасын ашылып, оған 50-ден астам адам қатысқан болатын.  

Онлайн курс бағдарламасында футбол индустриясы саласының жетекші сарапшылары дәріс оқиды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен футбол клубтарының жетекшілері, AlmaU университетінің MBA бағдарламасының ұстаздары және Түркия, Ресей, Украина елдерінің сарапшылары да болды. 

Бағдарламаның маңызды кезеңдерінің бірі – AlmaU университетінде 17-18 маусым күндері өткен екі күндік офлайн-интенсив. Бұл интенсивтің мақсаты – футбол қауымдастығын құру әрі нығайту. Сонымен қатар шақыртылған спикерлер тарапынан қатысушыларға жаңа мағлұматтардың берілуі. 

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстанда бұқаралық футболды дамыту бағыты бойынша жобаларды қорғады. Олардың арасында мектеп лигасы, студенттер лигасы, футзал жарысы мен УЕФА Аймақтық кубогы болды.

Бөлісу
Жоғары