Қазақстан – Финляндия және Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчтарының аккредитациясы

Қазақстан – Финляндия және Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчтарының аккредитациясы

31 тамыз 2023, 11:52
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2024 жылғы Еуропа чемпионатының Қазақстан – Финляндия және Қазақстан – Солтүстік Ирландия іріктеу матчтарында жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Еске салайық, Қазақстан – Финляндия матчы 7 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің команда Солтүстік Ирландия құрамасын қабылдайды. Ойын сағат 19:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу 2023 жылдың 3 қыркүйегі, сағат 12:00-ге дейін (елорда уақытымен) жүргізіледі. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтініштер қаралмайды.

Матчтарға арналған аккредитация әр адамға жекелей беріледі. Сондықтан барлық БАҚ өкілдері 3x4 түсті портреттік фотосуреттерін қосуы керек. Аккредитацияға арналған өтінімдер kff.kz сайтының тиісті бөлімінде толтырылады.

Аккредитацияға қалай өтініш беруге болады?

  1. Іс-шараны таңдау (қай матч/іс-шара үшін аккредитацияға өтініш бересіз)
  2. Толық аты-жөніңізді толтырыңыз
  3. Электрондық поштаңызды көрсетіңіз
  4. Телефоныңызды көрсетіңіз
  5. БАҚ атауын көрсетіңіз
  6. Аккредитация түрін таңдаңыз (жазушы журналист немесе фотограф)
  7. Соңғы жарияланымдарыңыз туралы ақпараттың сілтемесін қалдырыңыз
  8. Құжаттар тізімін жүктеп салу қажет: жеке куәлік, 3х4 фотосурет, бас редактор немесе басшының қолы қойылған редакциялық хат.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген аккредитация туралы өтініштер қабылданбайды. Аккредитациялық бейджиктер матч алдындағы іс-шараларда – 6 қыркүйекте (Қазақстан – Финляндия матчының аккредитациясы) және 9 қыркүйекте (Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчының аккредитациясы) матч алдындағы іс-шараларда беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Баспасөзге арналған орындар мен аккредитациялық бейджиктер саны шектеулі. Жіберілген өтінімдер қосымша қаралады.

Әрбір БАҚ үшін аккредитиация саны екеуден аспайды (тілші және фотограф/бейнеоператор).

Бөлісу
Жоғары