Қазақстан әйелдер құрамасының Эстония мен Арменияға қарсы ойындарға шақырылған құрамы

Қазақстан әйелдер құрамасының Эстония мен Арменияға қарсы ойындарға шақырылған құрамы

18 қыркүйек 2023, 14:24
Жаңа ойындар қарсаңында Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері ойыншылардың тізімін жариялады.

Мадияр Кембілов шәкірттерінің дайындығы Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтіп жатыр. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі ойын сырт алаңда өткізеді.

Эстония мен Қазақстан әйелдер құрамаларының ойыны 22 қыркүйекке жоспарланған. Матч Тарту қаласы «Тарту Тамме» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 21:00-де.

26 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Армениямен ойнайды. Матчты Армавир қаласындағы «Армавир» стадионы қабылдайды. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 19 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қақпашылар: Ангелина Портнова, Виктория Зейнали (екеуі де – «Оқжетпес»), Анастасия Хохлова («Локомотив», Ресей), Арина Тихонова («Қайрат»);

Қорғаушылар: Айгерім Айтымова, Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Мария Демидова, Қазына Норбаева (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Анастасия Власова («Оқжетпес»), Айша Садықова, Камила Совет (екеуі де – «Томирис-Тұран»);

Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Енисей», Ресей), Камила Кұлмағамбетова («Ворскла», Украина), Әселхан Тұрлыбекова, Карина Жұмабайқызы, Мәдина Жаңатаева, Фатима Сатығалиева, Жанеля Ержанова, Алина Лозукова (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Әсем Қаражанова («Томирис-Тұран»), Адина Ізімбаева («Қайрат»);

Шабуылшылар: Светлана Бортникова («БИІК-Шымкент»), Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»), Анеля Мамырова («Томирис-Тұран»);

Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Мұрат Қаламбеков – фитнес жаттықтырушысы, Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Арман Нұрланұлы – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Хайдар Көбейов – әкімші, Данияр Анес – менеджер.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары