Талғат Қосмұхамбетов футзалдан Чемпиондар лигасының матчына төрелік етеді

Талғат Қосмұхамбетов футзалдан Чемпиондар лигасының матчына төрелік етеді

23 қазан 2023, 15:07
Қазақстандық төреші Талғат Қосмұхамбетов футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундының ойынына тағайындалды.

Айта кетейік, турнир 25 қазан мен 28 қазан аралығында Сербияның Лозница қаласында өтеді, онда «КМФ Лозница-Град 2018», «Барса», «Спортинг Андерлехт» және «Люксол Сент-Эндрюс» командалары өзара күш сынасады.

«Барса» мен «Люксол Сент-Эндрюс» кездесуіне қазақстандық Талғат Қосмұхамбетов пен польшалық Дамиан Грабовский төрелік етеді. Сондай-ақ Талғат Қосмұхамбетов «Спортинг Андерлехт» - «Барса» ойынының үшінші төрешісі болып тағайындалды.

Бөлісу
Жоғары