Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ЕЧ-2023/24 екінші кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ЕЧ-2023/24 екінші кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

08 желтоқсан 2023, 18:00
2022/23 жылғы маусымның 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Біздің U-19 командамыз Грузия, Солтүстік Ирландия және Эстониямен бірге В Лигасының 5 тобына түсті. Ойындар 2024 жылы 3-9 сәуір күндері Грузияда өтеді.

Әр топтың алты жеңімпазы және өз тобында бірінші мен үшінші командаға қарсы үздік көрсеткіші бар екінші орын иегері 2024/25 маусымда А Лигасының бірінші кезеңінде өнер көрсетеді.

 
Бөлісу
Жоғары