Қазақстан U-17 қыздар құрамасының Еуро-2023/24 іріктеу матчтарына ойыншылар тізімі

Қазақстан U-17 қыздар құрамасының Еуро-2023/24 іріктеу матчтарына ойыншылар тізімі

12 наурыз 2024, 10:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңі матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан U-17 құрамасы «В» Лигасының 4 тобында Босния және Герцеговина, Эстония, Армения командаларымен ойнайды. Ойындары 2024 жылы 18-24 наурыз күндері Алматыда өтеді.

Әр топтың алты жеңімпазы және өз тобында бірінші мен үшінші командаға қарсы үздік көрсеткіші бар екінші орын иегері 2024/25 маусымда А Лигасының бірінші кезеңінде өнер көрсетеді.

Қазақстан U-17 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Ирина Кондрашова («Қайрат»), Дидар Нәкен («Астана»), Зарина Хайтметова («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Дарья Толкачева, Анель Досболова (екеуі де – «Қайрат»), Ажар Шөкетаева, Рамина Омарова, Аделия Бекхожина (бәрі – «№8 МБЖОРМ»), Елизавета Медведева («Ақсу»), Гаухар Мусина («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Адина Ізімбаева, Томирис Рахатжан, Вероника Пересунько, Виктория Цыганова, Жанель Таласбаева (бәрі – «Қайрат»), Данагүл Ахметжан, Юлия Шрам («Шахтер»), Элина Ірісметова («Томирис-Тұран»), Аминат Биғожина («№8 МБЖОРМ»), Влада Огай («Жетісу»);

Шабуылшылар: Полина Тучина, Назым Алданазар («Қайрат»), Айсана Зекен, Аяжан Абдина, Эльнура Катран (бәрі – «Ордабасы»);

Бапкерлер штабы: Мария Ялова – бас бапкер, Сюзанна Корнецова – аға бапкердің көмекшісі, Екатерина Красюкова – дене даярлығы бапкері, Мадина Шойкина – қақпашылар бапкері, Азамат Серікбаев – видеосарапшы, Ботакөз Құсайынова – дәрігер, Лилия Каримова – массажист, Ануар Жандарбеков – менеджер

Бөлісу
Жоғары