Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Эстонияға есе жіберді

Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Эстонияға есе жіберді

03 сәуір 2024, 17:10
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Тбилисиде өтіп жатқан Еуропа чемпионатына іріктеу турнирін бастады.

Орынбасар Дәуренбекова шәкірттері алғашқы ойынын Эстонияға қарсы өткізді. Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өткен кездесу Эстония қыздарының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Қазақстан сапындағы жалғыз голдың авторы – Адия Асқарова.

Келесі матч 6 сәуір күні Солтүстік Ирландияға өтеді. Басталу уақыты – Астана уақытымен сағат 15:00-де.

Қазақстан WU-19 – Эстония WU-19 – 1:2 (0:1)

Голдар: Асқарова 75 – Грутоп 42, Палтс 58

Ескерту: Норбаева 63

Қазақстан WU-19: Әнуарбек (қ), Ботабек, Орынбай, Набокова, Норбаева (к), Егиазарян (Абдуллаева 31), Нақыпбек, Перейма, Жәлімбетова (Бейбіт 31) (Асқарова 67), Попова, Қожабекова;

Қосалқы құрам: Орел (қ), Кәкен, Берікова, Темірбекова, Нұрғазина, Зайнутдинова;

Бас бапкер: Орынбасар Дәуренбекова.

Эстония: Кяпа (қ) (к), Вялба (Месипуу 85), Арике (Хансар 75), Сарапик, Тодинг, Палтс (Мирьям 75), Таркмеэл, Краус, Ыйспуу (Валк 75), Келли, Грутоп (Лиллес 87);

Қосалқы құрам: Юрна (қ), Койва, Пургатс, Кураксина;

Бас бапкер: Александра Шеволдаева.

Төрешілер: Эглантина Пьетрушай, Колета Пренга (екеуі де – Албания), Хатуна Майсурадзе (Грузия) 

03.04.2024. Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси, Грузия.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары