Бауыржан Сағындық: Біздің команда жанқиярлықпен ойнады

Бауыржан Сағындық: Біздің команда жанқиярлықпен ойнады

24 сәуір 2024, 21:00
Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бауыржан Сағындық УЕФА Даму кубогы турнирі аясында Сербия U-17 командасымен өткен матчы туралы пікірін айтты.

– Біз бұл ойынға тек жеңіс үшін шықтық. Бірақ ұтқызымыз келгенімен, кейбір сәтте гол соғу қолымыздан келмей жатты. Шамасы балалар бойындағы үрейді жеңе алмады. Десе де оларға жанкешті ойыны үшін алғысымды айтқым келеді. Соңғы минутқа дейін берілмей ойнады.

Даму Кубогында жақсы нәтижеге қол жеткізсек дейміз. Әркез жақсы нәтижеге жетпесек те, әрбір жарыс футболшылар үшін үлкен тәжірибе.

Бөлісу
Жоғары