Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға арналған ойыншыларының тізімі

Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға арналған ойыншыларының тізімі

22 мамыр 2024, 15:00
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы маусым айында Грузия жастар құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Матчтар 6 және 9 маусым күндері Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өтеді. 

Аға бапкер Константин Горовенко бастаған Қазақстан жастар құрамасы 3 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында оқу-жаттығу жиынын бастайды. 

Екі күндік ОЖЖ-дан кейін Қазақстан U-21 құрамасы Грузия астанасы Тбилисиге жолға аттанады.

Қазақстан жастар құрамасы:  

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Жеңіс»), Санжар Ерниязов («Жетісу»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Роман Божко («Тобыл»), Дамир Қасабұлат, Александр Широбоков, Александр Мрынский, Сұлтан Асқаров, Егор Ткаченко, Лев Кургин (бәрі – «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Абинұр Нұрымбет («Гомель», Беларусь), Мейрамбек Қалмырза («Жетісу»), Ринат Серікқұл («Жетісай»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Атырау»),  Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Никита Губарев («Лада», Ресей), Әли Тұрғанов («Оңтүстік»), Ален Айманов («Елімай»), Олжас Байбек («Қайрат»), Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей);

Шабуылшылар: Данил Анкудинов («Днепр-Могилев», Беларусь), Ғалымжан Кенжебек («Жеңіс»), Ян Труфанов, Сэйф Попов (екеуі де – «Қайрат»), Айбар Абдулла («Шахтер»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»), Нұрали Жақсылық («Астана»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»);

Қосалқы құрам: Мирас Рихард («Екібастұз»), Данил Карпиков («Шахтер»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Даниил Нырков («Ертіс»), Муроджон Халматов, Дархан Бердібек (екеуі де – «Каспий»), Артем Литош («Қайрат»);

Бапкерлер штабы: Константин Горовенко – аға бапкер, Елдос Ахметов – аға бапкердің көмекшісі, Денис Мамонов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрғазы Хайрулин – қақпашылар бапкері, Дмитрий Карпов – дене даярлығы бапкері, Біржан Хабит – видеосарапшы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Алексей Ильяшин – массажист, Акмурат Акчабаев – массажист, Қуаныш Мұханбет – менеджер.

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі: 

6 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

9 маусым 2024 жыл

Грузия U-21 – Қазақстан U-21

Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси

Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде В тобында бақ сынап жатыр. Топта Қазақстан U-21 құрамасымен қатар Испания, Шотландия, Бельгия, Венгрия және Мальта құрамалары бар. Константин Горовенко шәкірттері алты ойыннан кейін үш ұпаймен 5-орында келеді.

Күзде Еуро-2025 іріктеу кезеңінің тағы төрт матчы өтеді. Қазақстан жастар құрамасы 5 және 10 қыркүйек күндері өз алаңында Мальта мен Бельгия құрамаларын қабылдайды. Артынша 10 қазан күні Испаниямен, сосын 15 қазанда Шотландиямен кездеседі.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары