Армения және Әзербайжанға қарсы матчтарға Қазақстан құрамасының нақты тізімі

Армения және Әзербайжанға қарсы матчтарға Қазақстан құрамасының нақты тізімі

28 мамыр 2024, 11:55
Оқу-жаттығу жиыны 2 маусымда Алматыда басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев маусым айында өтетін Армения және Әзербайжан құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады.

Нақты тізімге 27 футболшы енді. Ұлттық құрама 2 маусым күні Алматыда жиналады. Үш күндік оқу-жаттығу жиынынан соң команда Ереванға жол тартады.

Армения – Қазақстан жолдастық матчы 7 маусым күні 21:00-де В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Әзербайжанмен өтетін жолдастық ойын 11 маусымға жоспарланған. Матч Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Қазақстан құрамасының нақты ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Руслан Валиуллин, Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат Быстров, Ян Вороговский, Александр Марочкин, (бәрі – «Астана»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей), Әділхан Добай («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Исламбек Қуат («Астана»), Арман Кеңесов, Рамазан Оразов, Максим Самородов (бәрі – «Ақтөбе»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»);

Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Арсений Савенко – сарапшы, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Қазақстан құрамасының матчтар күнтізбесі:

7 маусым, 21:00

Армения – Қазақстан

В.Саркисян атындағы Республикалық стадион, Ереван, Армения

11 маусым, 19:00

Әзербайжан – Қазақстан

«Халадаш» стадионы, Сомбатхей, Мажарстан.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары