Ресми мәлімдеме
17 маусым 2024, 15:50
Төрешілік-сараптамалық комиссия OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады.
Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, бірауыздан келесі шешімді қабылдады:
– Төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын.
Төрешілер комитетінің отырысында бір маусымда бір командаға қарсы жіберілген екі шешуші қателіктен кейін Премьер-лиганың төрешісі Артем Кучинді (Қарағанды) жылдың соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтардан шеттету туралы шешім қабылданды.
Жаңалықтар
12 мау., 22:29
12 мау., 20:24
11 мау., 20:56