«Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы финалдық кезеңі басталды

«Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы финалдық кезеңі басталды

28 маусым 2024, 20:00
 Астанада Футбол үйі манежінде «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы финалдық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Финалдық кезеңге іріктеудің 15 жеңімпаз командасынан 200-ден астам оқушы қатысып жатыр. Ашылу салтанатында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов сөз сөйледі.

ҚФФ басшысы мектеп лигасын өткізудің маңызын атап өтті:

– Мектеп лигасы - жастар спортының дамуына ықпал етіп қана қоймай, ұлттық футболымыздың болашағын қалыптастыратын маңызды іс-шара. Футбол - ойын ғана емес, балаларға өз әлеуетін ашуға, командада жұмыс істеуге, кедергілерді жеңуге және мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Лиганың барлық қатысушыларына күш-жігер және сәттілік тілеймін! Әр ойын сіздерге қуаныш пен тәжірибе әкелсін! - деді Әділет Барменқұлов.

Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов мұндай турнир балаларға жақсы мүмкіндік екенін айтты:

Балалар үшін мұндай турнирлерді өткізудің қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Біздің кезде қазіргідей мүмкіндіктер болған жоқ және осы мүмкіндіктерді қолдана алатындарыңызға қуаныштымын. Кім біледі, жақын арада сіздерді ұлттық құрамада көретін шығармыз. Біз бәріміз кішкентай нәрседен бастадық, сондықтан мүмкін емес ештеңе жоқ, - деді бас бапкер.

«Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы финалдық кезеңі төрт күнге созылады. 1 шілде күні финал ойындары өтіп, жеңімпаз командалар анықталады.

Финалдық кезеңде бақ сынайтын командалар:

1. Ыбырай Алтынсарин ауылының орта білім беретін мектебі (Ақмола обл., Целиноград ауданы)
2. Қаныш Сәтбаев атындағы “Binom” мектебі (Астана қ)
3. №41 спорт бағытындағы жалпы орта білім беретін бейінді мектеп (Павлодар қ)
4. А. Байтұрсынов атындағы мектеп гимназия (Жамбыл облысы, Талас ауданы)
5. № 182 жалпы білім беретін мектеп (Алматы қ)
6. Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп (Түркістан облысы)
7. № 56 жалпы білім беретін орта мектебі (Ақтөбе қаласы)
8. №21 жалпы білім беретін мектеп (Ұлытау облысы, Жезқазған қ)
9. Атырау облысы, "Сармат" мамандандырылған мектеп-лицей - интернаты;
10. Орта мектеп интернаты (Қарағанды қаласы)
11. № 21 жалпы білім беретін мектеп (Маңғыстау обл. Ақтау қаласы)
12. Георгиевка орта мектебі (Абай обл. Жарма ауданы)
13. № 12 орта білім беру мектебі (Алматы обл, Байсерке кенті)
14. Қ.Жақсарбаев атындағы орта мектеп (Жетісу облысы)
15. №249 мектеп-лицейі.(Қызылорда обл)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары