Қазақстан әйелдер құрамасының Румынияға қарсы матчтың аккредитациясы

Қазақстан әйелдер құрамасының Румынияға қарсы матчтың аккредитациясы

05 шілде 2024, 12:00
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ЕУРО-2025 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан әйелдер құрамасының Румынияға қарсы матчта жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Аккредитацияға өтінім беру үшін press@kff.kz электронды поштасына немесе +7 707 737 31 07 WhatsApp нөміріне жазыңыз.

Румынияға қарсы матч Алматының «Орталық» стадионында 12 шілде күні 19:00-де өтеді. Ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Аккредитациялар ойын күні «Орталық» стадионда беріледі.

Қазақстан W – Румыния W матчының медиа жоспары:

11 шілде

17:30 – Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық («Орталық» стадион, Алматы)

19:00 – Румыния ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық («Орталық» стадион, Алматы)

12 шілде («Орталық» стадион, Алматы)

19:00 – Қазақстан W – Румыния W матчы

«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу
Жоғары