«Балаларды қорғау»: жас футболшыларға арналған жадынама
Футбол бойынша іс-шаралар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері.
Матчтар мен турнирлерге шығу қауіпсіз әрі қызықты болуы керек. Ол үшін құқықтарымыз мен жауапкершілігімізді түсіну маңызды.
● Мені ертіп жүретін ересектер менің қауіпсіздігім мен амандығым үшін жауап береді. Мен өз тарапымнан әрқашан олардың нұсқаулары мен кеңестерін орындауға міндеттенемін.
● Түнде мен бөлмені біреумен бөлісемін және бұл алдын ала келісіледі.
● Кездесулер мен іс-шараларға кешікпеймін.
● Егер мені бірдеңе мазаласа немесе іс-шараға қатысу үшін бірнәрсе қажет болса, мені ертіп жүретін ересектерге хабарлаймын.
● Мен басқа балаларды құрметтеймін, оларға іс-шараға толық қатысуға көмектесемін және спорттық рухтың үлгісі боламын.
● Мен іс-шараның әрбір қатысушысын және басқа адамдарды құрметтеймін. Мен іс-шараға қатысушылардың ешқайсысына зиян келтірмеймін немесе басқа балаларды қорлауы немесе ренжітуі мүмкін әрекет жасамаймын.
Қатыгез қарым-қатынас дегеніміз не?
Ересектер:
● «ерекше қарым-қатынас жасау» үшін бір немесе бірнеше баланы таңдап алған кезде – ерекше жақсы көретін бала ретінде немесе жазалау үшін;
● баланың бақытты және көңілді болуына емес, нәтижеге көбірек көңіл бөлген кезде;
● балаға мейірімсіз және сыни көзқараспен қараған кезде;
● орынсыз сөздерді қолданған кезде;
● балалар өмірінің шекараларын бұзған кезде, мысалы, киім ауыстыратын бөлмелерге кіруі;
● балаларға және олардың не істейтініне немесе қайда екеніне мән бермеген кезде.
Қорытынды:
Біз футболдан қауіпсіз түрде рахат алуға құқылымыз!