«Балаларды қорғау»: ата-аналарға арналған жадынама
ЗИЯНДЫ ЖӘНЕ ҚАТЫГЕЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДЕГЕН НЕ?
Зиян біреудің балаға саналы түрде зорлық-зомбылық көрсетуіне байланысты болуы мүмкін немесе хабардар болмағандықтан және оқымағандықтан болуы мүмкін.
Қатыгез қарым-қатынас әртүрлі болуы мүмкін және физикалық, эмоционалдық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін, немқұрайлық пен қанауды қамтиды.
Футболда сонымен қатар физикалық жарақаттар, нәтижелерге байланысты қысым, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелердегі жағымсыз физикалық қатынас, іс-шаралар барысында тиісінше бақыламау, команданың жаттықтырушымен және басқа да қызметкерлермен әдепсіз қарым-қатынас жасауы сияқты зиянды әрі қатігез қарым-қатынас орын алуы мүмкін бірқатар ерекше жағдайлар бар.
ҚАТЫГЕЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН НЫШАНДАРЫН ТАНУ
Балаларда түсініксіз физикалық жарақаттар болғанда, олар белгісіз аурулардан зардап шегіп жүргенде, мінез-құлқында немесе көңіл күйінде кенеттен өзгерістер пайда болғанда, белгілі бір жағдайлардан немесе адамдардан бойларын аулақ ұстай бастағанда, шамадан тыс тұйық бола түскенде, үнемі өз-өзін қорлағанда, командадағы басқа адамдармен араласпағанда, не болмаса өздері немесе олардың командадағы серіктестері қатігездікке ұшырап жүрген жағдайларды ескеріп, оларды бақылау қажет.
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ КОДЕКСІ
Мен ата-ана ретінде балалар футбол ойнайтын қауіпсіз және қызықты атмосфераны құруға үлес қосамын, атап айтқанда:
- Мен ойынға қатысқандардың барлығымен ынтымақты қарым-қатынас құрамын және оларға құрмет көрсетемін;
- Әділ ойынға жәрдем етемін;
- Матч төрешілерінің барлық шешімдерін қабылдаймын;
- Ойыншыларға немесе төрешілерге қатысты агрессивті мінез-құлық пен қорлауға жол бермеймін және төзбеймін;
- Нәтижелеріне емес, қатысқандығына және жұмсаған күш-жігері баса назар аударамын;
- Кез келген баланы физикалық түрде жазаламаймын;
- Балалардың жеке өмірін құрметтеймін;
- Баламның немесе басқа балалардың қауіпсіздігі мен амандығына қатысты кез келген алаңдаушылығымды жаттықтырушыға немесе жауапты қызметкерге айтамын;
- Менің балама байланысты кез келген проблемаға немесе алаңдаушылықтарға көңіл аударамын және бұл ретте менің алаңдаушылығыма тиісті түрде қарайтындығына сенуге құқығым бар.