Футзалдан Қазақстан құрамасының ОЖЖ-ға шақырту алған ойыншылар тізімі

Футзалдан Қазақстан құрамасының ОЖЖ-ға шақырту алған ойыншылар тізімі

19 шілде 2024, 20:44
Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Дайындық процесінің бірінші кезеңі 5-18 тамыз күндері аралығында Алматыда өтеді. Артынша 5 қыркүйекке дейін Астанада жалғасын табады. 6-10 қыркүйек күндері Алматыда оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Өзбекстанға аттанады.

Оқу-жаттығу жиыны барысында бірнеше бақылау матчы жоспарланған. Қарсыластар туралы ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

ОЖЖ-ға 21 футболшы шақырту алды. Нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Айта кетейік, биыл Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков, Ерасыл Шарапиденов, Қанат Жеткірбаев;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Лео, Азат Валиуллин, Шыңғыс Есенаманов, Абдурасул Абдуманапұлы, Арнольд Кнауб, Қайрат Иманалин, Төрехан Досов, Жахангир Рашит, Нұрқанат Бахтияров, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Семен Тарасенко, Дамир Қайырбай.

Бөлісу
Жоғары