Сахи мен Қарабаев УЕФА Конфереция лигасының ойындарында қызмет атқарады

Сахи мен Қарабаев УЕФА Конфереция лигасының ойындарында қызмет атқарады

06 тамыз 2024, 12:00
Қазақстандық төрешілер УЕФА Конфереция лигасы үшінші іріктеу кезеңі матчтарына тағайындалды.

Данияр Сахи бастаған төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясындағы «Хэкен» (Швеция) мен «Пайде» (Эстония) арасындағы алғашқы матчта қызмет етеді. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектессе, төртінші арбитр ретінде Григорий Московченко жұмыс істейді. VAR төрешісі ретінде Сәкен Байымбет пен Бағдат Абдуллаев. тағайындалды.

Ойын 7 тамыз күні «Бравида» стадионында Астана уақытымен 22:00-де басталады.

«Хэкен» (Швеция) – «Пайде» (Эстония).

Бас төреші: Данияр Сахи

Бас төрешінің көмекшісі: Сергей Васютин, Самат Тергеусізов

VAR төрешісі: Сәкен Байымбет

AVAR төрешісі: Бағдат Абдуллаев

Қосалқы төреші: Григорий Московченко

7.08.2024. 22:00. «Бравида», Гетеборг

 

Сондай-ақ Саят Карабаев бастаған төрешілер «Спартак Трнава» (Словакия) мен «Висла Краков» (Польша) арасындағы матчта төрешілік етеді. Көмекшілері: Алексей Долгих, Дмитрий Белоградов және Татьяна Сорокопудова. VAR төрешісі ретінде Рустам Омаров  пен Георгий Чеховский тағайындалды.

Матч 8 тамыз күні сағат 23:30-да Трнава қаласындағы «Антон Малатински» стадионында өтеді.

«Спартак Трнава» (Словакия) – «Висла Краков» (Польша)

Бас төреші: Саят Карабаев

Бас төрешінің көмекшісі: Алексей Долгих, Дмитрий Белоградов 

VAR төрешісі: Рустам Омаров 

AVAR төрешісі: Георгий Чеховский

Қосалқы төреші: Татьяна Сорокопудова 

8.08.2024. 23:30 Антон Малатински, Трнава.

Бөлісу
Жоғары