Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға келді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанға келді

11 қыркүйек 2024, 10:56
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының алғашқы ойындары өтетін Әндіжан қаласына аман-есен жетті.

Біздің команда Алматы – Ташкент рейсімен Өзбекстан астанасына ұшып келді. Бауырлас мемлекетте өтетін Әлем чемпионатының ұйымдастырушылар тобы қарсы алып, командаға арнайы брендтелген өзбек ұлттық тақия табыстады.

Біздің жігіттерді қонақ үй алдында әндіжандықтар ұлттық тағаммен қарсы алып, сондай-ақ «Әндіжан» және «Истиклол» футбол орталықтарының шәкірттері алдағы ойындарда сәттілік тілеп, ұлттық құрамамен естелікке суретке түсті.

Бөлісу
Жоғары