Алима Жүкенова Ұлттар лигасының Израиль – Эстония матчына делегат болып тағайындалды

Алима Жүкенова Ұлттар лигасының Израиль – Эстония матчына делегат болып тағайындалды

24 ақпан 2025, 15:06
Алима Жүкенова УЕФА Ұлттар лигасы жалпы кезеңінің 2-туры аясындағы Израиль мен Эстония құрамалары арасындағы матчта делегат қызметін атқарады.

Ойын 25 ақпанда Венгрияның Дьер қаласындағы «Дьирмот» стадионында өтеді.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары