Қазақстан U-17 құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңінде Грузияны жеңді

Топтың алғашқы ойынында Қазақстан U-17 құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен жеңіске жетті. Исмаил Бекболат бір гол соқса, Дәулет Орынбасар дубль авторы атанды.
Айта кетейік, В лигасының 7-тобында Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бөлек Литва және Грузия құрамалары бар.
Грузия U-17 – Қазақстан U-17 – 0:3 (0:0)
Голдар: Орынбасар 48, 75, Бекболат 55
Грузия U-17: Купатадзе (қ), Куправа, Хутшишвили, Гетиашвили, Ябуа, Диаконидзе (Геладзе 75), Циколиа (Хецуриани 85), Хопериа (Адуашвили 60), Бартишвили, Микаутадзе (Булиа 75), Чаликиани (Небулишвили 60);
Қосалқы құрам: Челидзе (қ), Кобахидзе, Чехани, Поцхверия;
Аға бапкер: Георгий Читаури.
Қазақстан WU-17: Алдашев (қ), Нұрболат (Сансызбай 84), Қалиев (Әскербеков 60), Жексенбек (к), Артурұлы, Смақов (Назаров 60), Петрик, Нұрғали, Төлеухан, Бекболат (Абраев 78), Орынбасар (Пак 78);
Қосалқы құрам: Жанабергенов (қ), Каликулов, Еркін;
Аға бапкер: Бауыржан Сағындық.
Төрешілер: Мартон Рус, Герге Виг-Таршоньи (екеуі де – Мажарстан), Месроп Газарян, Артем Гаспарян (екеуі де – Армения).
19.03.2025. Т.Сегізбаев ат. стадион, Алматы