Қазақстан әйелдер құрамасының Лихтенштейн және Арменияға қарсы ойындарына шақырылған футболшылар тізімі

Қазақстан әйелдер құрамасының Лихтенштейн және Арменияға қарсы ойындарына шақырылған футболшылар тізімі

27 наурыз 2025, 16:32
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Лихтенштей мен Арменияға қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.

Сәуір айында Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы «С» Лигасының 3-тобындағы матчтарын өткізеді. 4 cәуірде сырт алаңда «Шпортпарк Эшен-Маурен» стадионында Лихтенштейнмен кездессе, арада төрт күн өткен соң Астанада Армения құрамасын қабылдайды.

Қазақстан әйелдер құрамасы ойыншыларының кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Ангелина Портнова («Диярбакыр», Түркия), Назым Исмайлова («Томирис-Тұран»), Арина Тихонова («Қайрат»);

Қорғаушылар: Әсел Орынбай, Александра Бурова, Ксенья Хайрулина, Бибігүл Нұрышева (бәрі – «БИІК-Шымкент»), Софья Трачук, Дарья Толкачева (екеуі де – «Қайрат»), Қазына Норбаева, Мадина Жанатаева, Айгерім Айтымова (бәрі – «Ақтөбе»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Юлия Мясникова (ЦСКА, Мәскеу);

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Томирис Рахатжан, Милана Махмудова (екеуі де – «Қайрат»), Жанеля Ержанова, Алина Лозукова (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Карина Берікова («Борнова Ешилова Спорт», Түркия)

Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әсем Қаражанова (екеуі де – «Ақтөбе»), Валерия Попова, Әселхан Тұрлыбекова, Фатима Сатығалиева (бәрі – «БИІК-Шымкент»), Назым Алданазар («Қайрат»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия);

Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушысы, Мұрат Мұқашев – қақпашылар бапкері,  Айдана Рамазанова – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Ердос Қалимов – массажист, Болат Тыныбек – қауіпсіздік офицері, Серік Жугралин – менеджер.

Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан құрамасының ойынжар күнтізбесі:

«С» лигасы, 3-топ

3 тур

04.04.2025 | 20:30

Лихтенштейн – Қазақстан

«Шпортпарк Эшен-Маурен», Эшен

 

4 тур

08.04.2025

Қазақстан – Армения

«Астана Арена», Астана

Бөлісу
Жоғары