Астана қаласында спорт маркетингі саласындағы жыл сайынғы «Altyn Adam Sport Marketing 2024» премиясын табыстау шарасы өтті. Нәтижесінде Қазақстан футбол федерациясының «ALAÑ» жобасы «Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы жобаның үздік маркетингі» номинациясында топ жарды.