2020 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары толық анықталды

2020 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары толық анықталды

05 ақпан, 17:39
2018 жылдың желтоқсанында өткен жеребенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Румыниямен бірге бесінші топқа түскен еді.

Қалған екі қарсылас 29 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткен алдын-ала іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша белгілі болды. Голландия мен Албания құрамалары алғашқы іріктеуден сүрінбей өтіп, Қазақстан мен Румынияның қатарын толықтырды.

2020 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің ойындары 2019 жылдың 22-27 қазанында Румынияда өтеді.

Бөлісу
Жоғары