Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды

07 ақпан, 10:13
Futsal World Ranking ұйымы ақпан айына арналған әлемдік рейтингті жариялады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы жетінші орынды сақтап қалды. Рейтинг көшбасшысы - Бразилия. Екінші орында - Испания. Үшінші орынды Иран мен Аргентина құрамалары бөлісіп тұр. 

Біздің құрама ақпан айында Хорватиямен (2:1, 0:0) екі жолдастық матч өткізген болатын. Хорватия бір сатыға көтеріліп, 12-орынға жайғасты.  

2020 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары келесі сатыға орналасқан: Румыния үздік жиырмалықты түйіндеді. Голландия - 26, Албания 59-орында тұр. 

 

Futsal World Ranking:

1. Бразилия - 1901

2. Испания - 1781

3-4. Иран - 1663

3-4. Аргентина - 1663

5. Ресей - 1661

6. Португалия - 1652

7. Қазақстан - 1540

8. Италия - 1521

9. Украина - 1488

10. Парагвай - 1468

...

20. Румыния - 1250

26. Голландия - 1200

59. Албания - 894.

Бөлісу
Жоғары